Жексенбі, 24 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 4822 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 07:03

ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ ФОРМА САТЫП АЛУҒА МІНДЕТТІ ЕМЕС

Осыдан біраз бұрын, жаңа оқу жылы басталғанның қарсаңында Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров мектептерде «Бастауыш әскери дайындық» (БӘД) пәні мұғалімдерінің 10-11 сынып оқушыларын жаздық-қыстық  әскери формалар алуға мәжбүрлегендігін айтып дабыл көтерген. Бағасы 50-60 мың теңгеден кем болмайтын мұндай киімдерді алуға көптеген ата-аналардың жағдайы келе бермейтінін айтқан депутат ондай аса қажет болса болашақ жауынгерлері үшін Қорғаныс министрлігі өздері әперсін немесе Білім және ғылым министрлігі арнайы қаражат бөлсін деп мәселені тікесінен қойған еді.

Бұл мыңдаған ата-ананың ойынан шығып,  БАҚ та үн қосып, мәселе көтеріп жазған болатын. Сол сауалға жуырда екі министрліктен де  жауап келіпті. Әскери адамдарға тән дәлдікпен Қорғаныс министрі С.Жасұзақов: «Мектептерге әскери даярлық сабақтары үшін арнайы киім алу қажеттілігі туралы ешқандай нұсқаулар берілген жоқ. Қорғаныс министрлігінің бюджетінде оқушыларға әскери киім алу жөніндегі шығыстар көзделмеген»  деп нақты, қысқа-нұсқа жауап беріпті.

Ал БҒМ министрлігінен келген жауап көп сөзділікпен жарысқа түскендей біраз нәрсені езген екен. Соның ішінде БӘД пәнін офицерлер, прапорщиктер, қатардағы сарбаздар мен солдаттардың әрқайсысы қанша пайыздан оқытатынына дейін көрсетіпті. Ал әскери киімге қатысты сөзбе-сөз келтірсек былай делінген: «Қазіргі уақытта білім мен қорғаныс саласындағы қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілерде БӘД сабақтарында арнайы киім кию мәселесі реттелмеген. Осыған байланысты БӘД сабақтарында арнайы әскери киім кию міндетті емес».

Жұртты дүрліктіріп, әскери киім талап етіп жүргендер БӘД-ті оқытатын жаңағы прапорщиктер мен солдаттар болып шықты... Ондайлар «шаш ал десе бас алатын» жаман мінездерін мектепке де әкелген сияқты. Әйтеуір мәселе аяғына жетті, халық киім алады екенбіз деп уайымдамауына болады.

Серік ЕЛЕУ, сарапшы  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5670