Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2258 0 пікір 22 Қазан, 2016 сағат 18:59

Сайрамның қиярлары саудаға шығарылды

Бүгінді таңда Оңтүстік Қазақстан облысының барлық елді мекендерінде жер кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Сайрам аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері аудандағы ірі кәсіпорындардың бірі «ИП «Шакиров» ұжымы.

Сайрам ауданы Манкент ауылында орналасқан «ИП Шакиров» өндірістік кооперативі көкөніс және жеміс-жидекті қайта даярлаумен айналысады. Мұнда 150 адам жұмыспен қамтылған. Цех өнімдерін 2006 жылдан бастап шығарып отыр. Бір айда 15 мың банкі,   10-нан астам түрлі консервілер шығарады.

«2006 жылы бұл жер бос жатқан еді. Біз оны сатып алып, бір цехті іске қостық. Қазіргі таңда ол аймақтағы ірі консервілеу зауыты болып табылады. Ішкі нарықты толығымен қамтуға мүмкіндігіміз бар. Одан басқа өнімге көрші аймақтарда да сұраныс бар. Өніміміз табиғи, консерванттар жоқ. Көкөністер мен жемістерді жерлестерімізден сатып аламыз. Жердің қадірін білген ғана жерден нан жейді. Болашақта бос жер болса, көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отырмыз. Сонда шаруалар бізге өнімдерін жыл бойы тапсырады, жұмысшыларымыз тұрақты жұмыспен қамтылады», – дейді директор орынбасары Руслан Шакиров.

Кездесу барысында жер туралы кодексті түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат тобының мүшелері: аудандық мәслихат депутаты Ж.Утаев, жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Көпеев, «Атамекен» бөлімшесінің директоры К.Жұмашев жер туралы заңға өзгерістер енгізу туралы ойлар мен ұсыныстарды тыңдап, ұжым мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Аудандық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Ж.Утаев жер кодексіне енгізілген өзгертулер жайлы түсіндірме жұмыстарын жасау мақсатында құрылған топ мүшесі ретінде аудандағы 11 ауыл округіндегі тұрғындар, шаруа қожалық иелері, зауыт, фабрика қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жөнінде ол: «Жер мәселесі халықты алаңдатып отыр. Осыған орай, мораторий 5 жылға ұзартылғанын халық толығымен қолдайды», – дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5673