Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 3875 0 пікір 20 Қазан, 2016 сағат 10:26

...ІШКИІМДЕР ҚАШАН ІЛІНЕДІ?

«Жақында Украинада реформашылдар мен Батыс елдерінің талабы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің табысын, дүние-мүлкін электрондық декларация арқылы жариялау жүйесі енгізілді. Бұл жүйені енгізудегі мақсат – шенеуніктердің табыстары мен мүліктерін азайтып көрсетуіне не мүлде жасырып қалуына жол бермеу. Бұл заң елдегі жемқорлықпен күрестің шешуші құжаттарының бірі саналған» деп хабарлайды Украинадағы жаңалық жөнінде azattyq.org сайты.

Киев халқы бүгінге дейін табысы туралы декларацияларын жарияламаған мемлекетттік қызметкерлерге наразылық ретінде Украина Үкімет үйінің алдына ішкиімдерін, трусиларын іліп тастаған (әлі Декларация тапсырмағандардың арасында Порошенко, т.б. бар көрінеді).

Қазақ билігі де осы Декларацияны қабылдап, табыстарын жаппай ашық жариялай бастайтын күнді, Декларация тапсырмағандарға наразылық ретінде Үкімет үйінің алдына жұрттың ішкиімдерін ілетін күнді біз де көрер ме екенбіз, жоқ па?

Әрине, ішікимді жайратып жайып қою - қазаққа жат тірлік. Тіпті, ұят іс. Бірақ, ұялмайтындардың алдында біз неге ұялуымыз керек деген бір сұрақ ұртымызды "томпитып" тұр. Өйткені, сіз бен бізді тырдай жалаңаш етіп тонап алғандар ұрлықы дүниесін офшорларға тығып, ұялмай-қызармай бізге "салық төлеңдер" деп ұрсып жүрген жоқ па?..

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5732