Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2528 0 пікір 19 Қазан, 2016 сағат 13:27

Алмасы шырын, сүті бал Түлкібаста туризм де дамитын болады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы алмасымен аты шыға бастаған  Түлкібас ауданында туризм мен алма, сүт кластерін дамыту да қызу қолға алынған. Ауылшаруашылығы саласына айрықша көңіл бөлінген ауданда 1991-2016 жылдар аралығында 1619,5 гектар жерге алма бау мен жүзімдіктер егіліп, 13,5 гектарға жылыжай салынған болса, 4474 гектар жерге тамшылатып суару әдісі енгізілген.

Сүт өнімдерінің сапалылығымен ерекшеленетін «Майлыкент сүт», «Дос би» кәсіпорындарының өнімдері бүгінде облыс, тіпті республика жұртшылығына жақсы танылып келеді. Күніне 22,3 тонна сүт қабылдайтын 13 бекет жұмыс істейді. Ауданның жалпы өңірлік өнімі биыл 54 миллиард теңгеге жетті. Осы жалпы өнімді Түлкібастың әрбір тұрғынына шаққанда 500 мың теңгеден келеді. Бұл - айрықша атап өтуге тұрарлық жоғары көрсеткіш.

 Ауданда  кәсіпкерлік саласы да жылдан-жылға өркендеуде. Мәселен, мемлекет тарапынан беріліп отырған бағдарламалар арқылы ауданда 1026 жоба қаржыландырылып, белсенді жеке кәсіпкерлер саны үш мыңға жуықтаған. Ал тартылған инвестиция көлемі 1991 жылы 37 миллион теңгені құраса, биыл 19 миллиард 474 миллион теңгеге жеткен. Жалпы алғанда тәуелсіздік жылдары ауданға 177 миллиард теңге инвестиция тартылған. Соның ішінде жергілікті жеке сектордық есебінен 38,7, шетел инвесторларынан 80 миллиард теңге құйылған. Осы секілді жұмыстардың арқасында ауданның бюджеті де жылдан жылға артумен келеді. Салыстырмалы түрде алсақ, осыдан 25 жыл бұрынғы бюджет қазір он есеге дейін артып, 2 миллиард 335 миллион теңгені құрады. Соның арқасында ауданда көптеген әлеуметтік мәселелер оң шешімін табуда.

 Өнеркәсіп саласы экономикамыздың маңызды салаларының біріне жатады. Бұл салада да ілгерілеушілік бар. Өнеркәсіп өнімінің көлемі осы жылы 18,7 миллиард теңгені құрады. Айтылып отырған мерзім ішінде ауданда 12-ден астам орта және шағын кәсіпорындар ашылған. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың саны 259 бірлікті құрап, 3 есеге өсті. Кәсіпкерлікпен айналысатындар қатары 17 315 адамға жетті. Бұл туралы аудан әкімі Әуелхан Тұрғымбеков журналистермен өткізген брифинг барысында мәлімдеді.

Сондай-ақ, бүгінде балалар туризмін дамыту мақсатында Жабағлы ауылдық округі аумағынан 5 гектар жер телімі белгіленіп, 4 миллион теңгеге маусымдық балалар демалыс орнын салу үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Ал, «Ақсу Жабағлы» қорығында туристік қалашық салу жоспарлануда. Сонымен бірге «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында жол бойы қызмет көрсету нысандары құрылысына Шақпақ ауылдық округінен жер телімі белгіленген. Табиғаты туризм саласын дамытуға сұранып тұрған аудан болашақта республика азаматтарының ғана емес, өзге мемлекеттерден де туристер тартады деген сенім бар. Өйткені, қазір Түлкібаста көркі көз тартатын демалыс орындар қатары жыл санап артып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5728