Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 2729 0 пікір 19 Қазан, 2016 сағат 13:20

ОҚО әкімі діни конфессиялардың өкілдерімен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі діни конфессиялардың басшыларымен кездесті.

«Аталмыш жиынға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы, облыстық мешіттің бас имамы А.Керімбек, «Шымкент епархиясының Шымкент қаласындағы Свято-Никольский кафедралдық соборының приходы» жергілікті православ діни бірлестігінің діни қызметшісі А.Могилевский (отец Александр), «Шымкент қаласының інжілдік мəсіхші баптистердің қауымы» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі А.Горбатый, «Агапе» інжілдік христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі А.Шаталов және өзге де дін өкілдері қатысты.

18 қазан – рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған басқосуда өңір басшысы діни конфессия өкілдерін мерекемен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында еліміздің жеткен жетістіктерін атап өтті» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Елбасы өз сөзінде «Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу адамның өз міндеті» - деген. Сондықтан біздің бүгінгі басқосуымыз халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтың нығая түсуіне өз ықпалын тигізеді деп сенемін»,-деді аймақ басшысы.

Жиында сөз алған конфессия өкілдері Қазақ шаңырағындағы наным-сенім еркіндігінің айқындығына разылығын білдіріп, өздері басшылық ететін бірлестіктердің бүгінгі мамыражай жағдайын баяндады.

Сондай-ақ, кездесу соңында облыс әкімі конфессия басшыларына осы жылдың 15 қазан күні «Рухани келісім күнін» мерекелеу аясында облыстағы діни конфессия өкілдері арасында шағын футболдан өткізілген турнирдің қорытындысы бойынша облыс әкімінің кубогы, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 11 конфессияға кіретін 60 діни бірлестік жұмыс істейді.

Шадияр Молдабек

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1504
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3278
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5752