Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 2612 0 пікір 18 Қазан, 2016 сағат 12:39

Порошенко Ресейге қатысты санкцияларын ұзартты

Украина президенті Петр Порошенко Ресейге қатысты санкцияларын ұзартып қана қоймай, шектеу қойылған кісілердің тізімін толықтырды. Жарлық мемлекет басшысының сайтында жарияланды.

Толықтырылған санкция тізіміне 167 ресейлік компания мен 335 азамат қосылды. Шектеу негізінен құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлеріне енгізілді. Киев оларды режиссер Олег Сенцовты, белсенді Александр Кольченконы және басқа да Ресейде сотталған украиналықтарды қудалауға жауапды деп айыптап отыр.

Бұған қоса, Порошенко Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен қорғаныс министрлігіне аннексияланған Қырым аумағында Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайлау өткізуге қатысы барларға санкция дайындауын тапсырды.

Украинаның Ресейге қатысты алғашқы санкциясы 2015 жылдың қыркүйегінде енгізілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1504
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3278
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5751