Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Деп жатыр 3619 0 пікір 17 Қазан, 2016 сағат 15:56

РУМЫНИЯМЕН ТЕҢ ОЙНАҒАНЫ ҮШІН 20 МЫҢ ДОЛЛАРДАН АЛАДЫ

Қазақстан құрамасының футболшылары Румыния командасымен тең ойнағаны үшін 20 мың доллардан сыйақы алады деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасап bnews.kz.

Бұл туралы «Астана», «Ақтөбе», сондай-ақ румыниялық бірнеше команданың бұрынғы бас жаттықтырушысы Йоан Андоне айтты.

«Әрине, қарсыласың әр ойында аяғыңнан шалып тұрғаны қатты ашуыңды келтіреді. Бұл өзі қызық, дұрыс емес ойын болды. Бірақ, Армениямен ойнаған матчпен салыстырғанда, әлдеқайда қиын еді. Оның үстіне, олар Черногориядан 0:5 есебімен жеңіліп келіп отыр. Бұған дейін поляктармен ойынның 2:2 есебін ескерсек, 0:0 – жақсы көрсеткіш. Бұл тең ойын үшін Қазақстан құрамасының әр ойыншысы 20 мың доллардан, я болмаса, 10 мен 20 мың аралығында алады деп ойлаймын», — деді Андоне.

Естеріңізге салайық, Қазақстан мен Румыния құрамасы Әлем чеспионатының іріктеу кезеңінің үшінші айналымындағы матчта 0:0 есебімен тең түсті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155