Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2494 0 пікір 16 Қазан, 2016 сағат 16:27

Тәуелсіздік жылдары Оңтүстіктің халық саны 1 млн-ға өсті

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков мәлім етті.

Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы егемендік алған жылдардан бері қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Мәселен, Тәуелсіздік алған 25 жылда облыс  халыққының саны 1,8 млн-нан 2,8 млн-ға жетіп, 1 млн-ға өскен.

Сонымен қатар, осы жылдар ішінде 1491 мектепке дейінгі ұйымдар мен 444 жаңа мектеп пен 347 денсаулық сақтау нысандары салынды. Нәтижесінде 117 апатты білім ошағының мәселесі шешілді. Сондай-ақ, биыл 25 жылдық мерейтой аясында 25 білім ошағы ел игілігіне берілген. Брифингте спикер, ширек ғасырда облыста  8,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Т

әуелсіздік жылдары жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеп, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-дан астамға өскенін айтты. Оңтүстік Қазақстанда Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлау мақсатында жыл көлемінде 5 мыңға жуық іс-шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар, баспасөз жиынында 8 айда атқарылған жұмыстарға тоқталған Ұласбек Сәдібеков индустриаландыру картасы жобасымен өндірілген өнімнің құны 65,9 млрд.теңгені құрап, жобалардың 90 пайызынан астамы жоспарлы қуаттылығын игергенін жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159