Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3134 0 пікір 15 Қазан, 2016 сағат 19:33

Ауданда апорт алмасын өсіру қайта қолға алынбақ

Түлкібас ауданында  кезінде алманың «Апорт» сортын өсіріп, өндірумен аты шыққан. Өйткені алманың аталмыш бұл сортын өсіру үшін таңдалып алынған жер алқабы теңіз деңгейінен 900 метрден жоғары биіктікте болуы керек. Түлкібас ауданы осындай аймақта орналасқан өңір. Сондықтан болар ауданда қазіргі кезде алманың «Апорт» сортын өсіріп жүрген шаруашылықтардың саны жылдан жылға өсіп, аудан көлемінде  200,0 гектарға жетті. Бұл сорт қысқа мейлінше төзімді, 7-8 жылдан кейін өнім береді. Жемісі ірі келеді, бір алмасының салмағы 500-600 грамға дейін жетеді, түсі алқызыл болып келеді. Бұл сорттың жемісі қыркүйек айында піседі, қаңтар ақпан айларына дейін еркін сақтауға болады.

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы алмасымен аты шыға бастаған  Түлкібас ауданында туризм мен алма, сүт кластерін дамыту да қызу қолға алынған. Ауылшаруашылығы саласына айрықша көңіл бөлінген ауданда 1991-2016 жылдар аралығында 1619,5 гектар жерге алма бау мен жүзімдіктер егіліп, 13,5 гектарға жылыжай салынған болса, 4474 гектар жерге тамшылатып суару әдісі енгізілген.

Сүт өнімдерінің сапалылығымен ерекшеленетін «Майлыкент сүт», «Дос би» кәсіпорындарының өнімдері бүгінде облыс, тіпті республика жұртшылығына жақсы танылып келеді. Күніне 22,3 тонна сүт қабылдайтын 13 бекет жұмыс істейді. Ауданның жалпы өңірлік өнімі биыл 54 миллиард теңгеге жетті. Осы жалпы өнімді Түлкібастың әрбір тұрғынына шаққанда 500 мың теңгеден келеді. Бұл - айрықша атап өтуге тұрарлық жоғары көрсеткіш.

 Ауданда  кәсіпкерлік саласы да жылдан-жылға өркендеуде. Мәселен, мемлекет тарапынан беріліп отырған бағдарламалар арқылы ауданда 1026 жоба қаржыландырылып, белсенді жеке кәсіпкерлер саны үш мыңға жуықтаған. Ал тартылған инвестиция көлемі 1991 жылы 37 миллион теңгені құраса, биыл 19 миллиард 474 миллион теңгеге жеткен. Жалпы алғанда тәуелсіздік жылдары ауданға 177 миллиард теңге инвестиция тартылған. Соның ішінде жергілікті жеке сектордық есебінен 38,7, шетел инвесторларынан 80 миллиард теңге құйылған. Осы секілді жұмыстардың арқасында ауданның бюджеті де жылдан жылға артумен келеді. Салыстырмалы түрде алсақ, осыдан 25 жыл бұрынғы бюджет қазір он есеге дейін артып, 2 миллиард 335 миллион теңгені құрады. Соның арқасында ауданда көптеген әлеуметтік мәселелер оң шешімін табуда.

 Өнеркәсіп саласы экономикамыздың маңызды салаларының біріне жатады. Бұл салада да ілгерілеушілік бар. Өнеркәсіп өнімінің көлемі осы жылы 18,7 миллиард теңгені құрады. Айтылып отырған мерзім ішінде ауданда 12-ден астам орта және шағын кәсіпорындар ашылған. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың саны 259 бірлікті құрап, 3 есеге өсті. Кәсіпкерлікпен айналысатындар қатары 17 315 адамға жетті. Бұл туралы аудан әкімі Әуелхан Тұрғымбеков журналистермен өткізген брифинг барысында мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5722