Түркістандықтар ауылшаруашылы мәселелерін талқылады
Кеше Түркістан қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратында жеке қабылдау өтті. Қабылдауды Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы Имандосов Мұрат өткізді, және де бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де тыс қалмады. Қала тұрғындарының сан саладағы талап-тілектері мен азаматтардың сауалдары бойынша жеке мәселелері тыңдалды.
Алғашқы болып зейнеткер Жүсіпов Шынтемір ауыл шаруашылығы қатысты сұрағын жолдады. Ақсақал ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінде жер кадастрлық картаның электрондық базасын орналастырып беру бойынша ұсынысын жеткізді. Оған Мұрат Самұратұлы тиісті министрлікпен мәмілеге келіп, бақылауға алатындығын жеткізді Сондай-ақ жалғызбасты ана баспаналы болу үшін кезекке тұрған. Мамандардың айтуынша өтініш иесінің кезегі келер жылы келетінін мәлімдеді. Кәсіпкерлік мақсатта салынатын құрылыстардың құжаттарын рәсімделуін жеңілдетуді сұраған Камал Юлдашевтың ұсынысы тыңдалды. Аталған сұрақтың жауабы ретінде халыққа қызмет көрсету орталығында бұл мәселенің оң шешіліп қойғандығын жеткізді. Осы секілді көкейде жүрген әртүрлі сауалдарға жауаптар алынды. Ендігі жүк жауаптардың оң шешім табуына ықпал жасайтын «Нұр Отан» партиясының еншілігінде. Сондай-ақ бұл сұрақтар жергілікті биліктің де назарында болады.
Ауыл шаруашылығы-материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Біздің өңірімізде де ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ілгері дамып келеді.
Abai.kz