Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2288 0 пікір 13 Қазан, 2016 сағат 20:38

Шымкенттен Алматыға ауыл шаруашылығы өнімдерінің керуені аттанды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысынан Алматы қаласына ауыл шаруашылығы өнімдерінің керуені жолға шықты. 

Жалпы көлемі 320 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 106 тн көкөніс, 29 тн жеміс-жидек, 16 тн картоп, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 45 тн бақша өнімдері, 5 тн балық, 5 тн кептірілген жеміс, 27 тн қауын мен 15 тн басқа да өнімдер бар. Аталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құны 125,7 млн. теңгені құрайды. 

Қазан айының 1 күні Алматыда ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50-ден астам оңтүстікқазақстандық тауарөндіруші қатысады деп күтілуде. Оңтүстік астанада ұсынылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының шарасында саудаланатын өнімдер базар нарқынан 15-20 пайызға арзан сатылатын болады. 

Айта кетейік, бұған қоса Оңтүстік Қазақстан облысының Елордасы – Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.    Осыған орай, өңірден Бас қалаға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. Мерейтойға тарту ретінде оңтүстікқазақстандық диқандар өз өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаламақ.

   Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердің құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тн сүт өнімдері, 5 тн шұбат, 25 мың дана жұмыртқа, 40 тн бақша өнімдері, 7 тн балық, 7 тн бал, 3 тн өсімдік майы мен 5 тн кептірілген жеміс 15 тн басқа да өнімдер бар.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5710