Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2754 0 пікір 13 Қазан, 2016 сағат 16:10

Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың соты. Төлепқали Аянов сотты саясиландыруға ұмтылды

№2 Атырау қалалық сотында Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Екінші күнгі сот отырысының басында қорғаушы тарап бірден 10-ға жуық өтініш хаттарын жариялады. Атап айтсақ, оның ішінде сот процесінің хаттамасын қолмен толтыру, аудио және бейнежазбаның сапасын арттыру, сотталушыға бұлтартпау шарасын өзгерту, сотқа басқа куәгерлерді шақыру, БАҚ-тарда жарияланған материалдарды қылмыстық іске қоса тіркеу, сотталушы Талғат Аяновтың жұбайы мен сотталушы Макс Боқаевтың әпкесін куәгерлер тізімінен шығару туралы өтініш хаттар бар. Сотқа төрағалық етуші судья Гүлнар Даулешова бірден олардың бірнешеуін қабылдамай тастады. Тек БАҚ-да жарияланған материалдарды қылмыстық іске қоса тігу, сотталушы Талғат Аяновтың жұбайы мен сотталушы Макс Боқаевтың әпкесін куәгерлер тізімінен алып тастау туралы өтініш қанағаттандырылды.

Негізінен алғанда, қорғаушы тарап ақылға сыйымсыз шағымдарын алға тартты. Алдымен қорғаушы Төлепқали Аянов аудио және бейнежазбаның сапасына күмән келтірді. «Егер алдағы уақытта қылмыстық іс бойынша апелляциялық сотқа шағымданатын болсақ, олар хаттаманы қалай оқиды?»,- деп дүрсе қоя сөйледі Төлепқали Аянов. Айтпақшы, оның бұл әрекетінен сотқа жеңілетініне сенімділікпен келгені байқалып қалды. Әу бастан-ақ ол соттың алдағы шығаратын үкіміне қарсылық танытып, апелляциялық сотқа шағымданатынын жеткізді. Осы көріністен-ақ сот процесіне қатысушылар қорғаушы тараптың тайғанақ ұстанымына көзін жеткізді.

Сонымен қатар, Төлепқали Аянов сотты саясиландыру мақсатымен процеске бұрынғы ҚР-ның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовті, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевты,  оның экс-орынбасары Қайырбек Өскембаевты, Ауыл шаруашылығы министрі, жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы Асқар Мырзахметовті куәгер ретінде шақыруды ұсынды.  

Қорғаушы «Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталуы негізсіз» деген тұжырым айтты. Оның пайымынша, олардың жұртқа таратқан ақпараты жалған емес. «Қазақстанда 1,7 млн. гектар жер аукцион арқылы Қазақстан азаматтарына сатылады», «1 млн. гектар жер шетелдіктерге жалға беріледі» деген ресми ақпарат биліктегі лауазымды тұлғалардың  аузымен айтылды»,- деді ол. Қорғаушы бұған негіз етіп, Ұлттық экономика экс-министрі Ерболат Досаевтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте сөйлеген сөзін келтірді. «Осыған орай, біз Үкіметтен «Ұлт жоспары» бойынша Қазақстанда қанша жердің қазақстандықтарға сатылатыны, қанша жер шетел азаматтарына жалға беруге жоспарланғаны туралы сұрау салуымыз керек»,- деді Төлепқали Аянов.

Алайда мемлекеттік айыптаушылар құзырлы мемлекеттік органдарға сұрау салудың, жоғары лауазымды билік өкілдерін сотқа шақырып, жауап алудың ешқандай негізсіз екеніне нақты дәлел келтірді. «Аталған тұлғалардың сотталушыларға ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан оларды шақыру негізсіз» деді прокурор Сыдықов. Айтпақшы, Төлепқали Аянов өтініш хатын оқып тұрып, Тоқтар Төлешовті сотқа куәгер ретінде шақыруды ұсынды. Осылайша қорғаушылардың айыптау актісін де толық оқымағаны әшкереленді. Айта кетерлігі, өзінің қорғаушысы әрі әкесі Төлепқали Аянов сот отырысында сөйлеп тұрғанында бейқам қалпында газет оқып отырған Талғат Аяновқа судья ескерту жасады.

Қазір сот отырысында түскі үзіліс жарияланды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5691