Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жөн-ақ 7484 0 пікір 12 Қазан, 2016 сағат 09:30

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТУЫ, ӨЗГЕ ТУДАН ЖОҒАРЫ ІЛІНУІ ТИІС

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Тоқаевқа

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы  Н.Нығматулинге

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаевқа

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықоваға

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары,

Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Е.Тоқжановқа

 

АШЫҚ ХАТ 

Биыл еліміз Тәуелсіздік алып, көк байрағымыз желбірегеніне, Елтаңбамыздың еленгеніне, Гимніміздің асқақтата шырқалғанына 25 жыл толады. Алайда, елдігімізді айшықтап, азаматтыққа тәрбиелейтін және Отансүйгіштігімізді қалыптастыратын Ту, Елтаңба, Гимнің қадір-қасиетін ұғынып, тиісті дәрежеде құрмет көрсете алмай жүрміз.

ҚР 2007 жылғы 4 маусымдағы  "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы"  заңының 5-бабы,  2 тармағында: «Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс деп анық жазылған. Десекте, Астана қаласында  және өзге өңірлерде орналасқан республика мен облыс көлемінде үлкен саяси-қоғамдық және мәдени іс-шаралар өтетін  Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты алдында Қазақстан Республикасының Туы мен Ассамблеяның айрықша белгісін көрсететін туы (көп уақыттан бері) бірдей орналасқан. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда  консультативті-кеңесші орган ғана. Жиырма бір жылдық тарихы бар Ассамблея сол кезеңде жаңадан құрылған тәуелсіз елімізде этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешу үшін және республикадағы тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылған институт қана. Ал, Қазақ Елі - тарихы тереңде жатырған, Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында әлем мойындаған Мәңгі Ел. Сол себепті, Қазақстан Тәуелсіздігі 25 жылдығы қарсаңында  Астана қаласындағы және еліміздің барлық облыс орталықтарындағы Қазақстан халық Ассамблеясы ғимараттары алдында орналасқан ҚАЗАҚСТАН ТУЫ, Ассамблея туынан жоғары ілінуі тиіс. Біздің сынымыздан кейін Орал қаласындағы Ассамблея туы төмен түсірілген болатын. Осы бастама өзге өңірлерде жалғасын табу керек.

ҚР Президенті Н.Назарбаев: «Біз тәуелсіздікті аңсап, зарыға жеттік. Енді сол тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Еліміздің сыналатын бір тұсы осы» деген еді. Ендеше, рәміздерді өздеріңізден бастап құрмет көрсету және Елбасының дана сөзін тұмар етіп, мойындарыңызға тағып жүру сіздердің төл міндеттеріңіз екенін естен шығармаңыз!!!

          «Таласқа түссе жан мен Ту

           Жан емес маған керегі-

           Көк тудың желбірегені» деп Алмас Ахметбекұлы жазғандай, ҚАЗАҚСТАН ТУЫ бәрінен жоғары, биік желбіреуі тиіс!

Талғат Қатауов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671