Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3547 0 пікір 10 Қазан, 2016 сағат 18:06

Ветеринария саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Түркістан қаласындағы мәдениет үйінде ветеринария саласы бойынша семинар кеңес өтті.

Кеңеске АШМ ВБжҚК төрағасының орынбасары ҚР бас ветеринариялық-санитариялық дәрігерінің орынбасары Т.Қабдулданов, ОҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б.Омаров бастаған арнайы топ және 7 ауданнан мамандар келіп қатысты.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаев жүргізген семинардың мақсаты – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді  тұрғындармен бірлесе отырып шешу және малдарға сырға салу, екпелердің уақытылы егілуі. Жиын барысында қазіргі таңдағы қауіпті әрі күрделі топалаң дерті (Сибирская язва) жайында  айтылды. Түлік таңдамайтын ауыр індет жайында кеңінен талқыланды.

Жиналғандар алдында баяндама жасаған облыстық ветеринария орталығының маманы Б.Досқожаұлы арнайы слайдпен кеңінен түсіндіріп ауру ошақтарын анықтаудың және күресудің тиімді жолдарын айтқан маман еліміз бойынша осы дерттен 3 адам көз жұмған атап өтті. Сонымен бірге, аурудың алдын алуы, сауықтыру жұмыстарының жүргізілуі  басты назарда болуы керек екенін алға тартты. Ветеринария саласы бойынша  сараптау лабораториясының құжат пен өнім сәйкестігі де бірінші кезектегі мәселе екендігі айтылды. Жиын соңы сұрақ-жауаппен ұласып, көкейде жүрген мәселелерге мамандар тарапынан жан жақты жауаптар берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2097
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4968
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4190