Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4193 0 пікір 7 Қазан, 2016 сағат 09:58

АСТАНАНЫ "КУЛЬТИВАЦИЯЛАУ" КЕРЕК

Қазаққа Астананы "культивациялау" керек... Оны қазақтың ұлт пен болмысты қадірлейтін қалталылары ғана жасай алады...

Мектеп саны, бала бақша саны, жастар саны, жұмыс орны, базар транзиттері, ұсақ өндіріс орындары, мешіт саны, спорт алаңдары саны, қазақ тілі мен мәдениеті орталықтары, сосын кварталдар мысалы, ақтаулықтар, ақмешіттіктер, түркістандықтар, тараздықтар, шымкенттіктер және т.б. болып жалғаса береді де мұны араларынан шыққан байларға міндеттеу керек... Тіпті кварталдар "адайлар, дулаттар, қоңыраттар, арғындар" деген атпен де дамысын... Бірінші байлық, яғни экономикалық еркіндік пен мүмкіндік келсін... Осы салада қазаққа өзара жарыс керек. Бірақ жершілдік пен рушылдықты көріктеу емес, елдікте жарысты қалыптастыру үшін... Еркін қоғамдық институттарды дамыту басты шарт...

Қазір діни коллективтендіру белең алып барады... Ол қазақты дамытпайды, қайта көкезу жікке шақырады. Қазаққа қазақы платформаларды ұсыну керек... Пәлен шайхтың жамағаты дегеннен көрі, пәлен байдың салған ғимараттары, заводтары деген нәрсе елдікке жақын... Ол да саясат. Сонда баяғы қазақы намыс пен сана оянар ма еді деген ниет қой...

Досай Кенжетай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608