Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4397 0 пікір 4 Қазан, 2016 сағат 10:23

ОҚО әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков Түлкібас ауданында болды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, елді-мекендерді аралады. Бұл туралы "Абай ақпарат" порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алдымен, жұмысшы топ Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылындағы ауысымына 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. Амбулатория құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Ақ Нұр-строй» ЖШС-нің өкілімен кездесіп, құрылысты сапалы аяқтауды міндеттеді. 

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков Састөбе поселкесіндегі аппаты деп танылған аурухана мен күрделі жөндеуді қажет ететін мәдениет үйінде болып, алдағы жылдары қаржы бөліп, аталған нысандарға құрылыс жұмыстарын жүргізуге құжаттарын дайындауды тапсырды. 

Сондай-ақ, ол «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Азаттық ауылындағы мәдениет үйі мен алдағы күні ел игілігіне берілетін Т.Рысқұлов ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысымен танысты.

Іс-сапардың жалғасы аудан әкімдігінде жалғасып, облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековтің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданда атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды талқылау мақсатында жиын өткізілді.

 

Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 985
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2529
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 661