Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 7362 0 пікір 29 Қыркүйек, 2016 сағат 17:11

Шардарада мақтаның тоннасы 160 мың теңге тұрады

Шардара ауданында мақташы қауымның дәстүрлi «Ақ керуен» салтанаты өткiзiлдi. Қызылқұм ауылдық округiнде өткен мерекелiк шараға қатысқан көпшiлiк диқандардың еңбегiне сәттiлiк тiледi. Тiркемелерге артылған ақ ұлпа керуенi осы ауылдағы «АИИГ Қазақстан» ЖШС-iне қарасты «Шардара мақтаны қайта өңдеу зауытына» аттанды. Аталмыш зауыт биыл 15 000 тонна мақта шикiзатын өңдеудi жоспарлап отыр.

Бүгiнгi таңда шардаралық шаруалар 12291 гектар алқаптан «ақ алтын» теруде. Қазiрдiң өзiнде 1420 тонна мақта жинап үлгерген еңбеккерлердiң жиын-терiм науқаны күн өткен сайын қарқын алып келе жатыр. Алатау батыр (5350 га), Көксу (3208 га), Қоссейiт (1000 га) ауылдарының шаруалары мақта өнiмiн арттыруға мол үлестерiн қосуда.

Ала жаздай ауыр бейнеттiң астында жүрген мақташы қауымның көңiл-күйi жақсы. Себебi, мақта бағасы биыл жоғары болып тұр. Кешеге дейiн тоннасы 146 мың теңге болып келген мақта бағасы «Ақ керуен» салтанаты өткен күнi кешке қарай бiрден 156 мыңға, ал, күнi кеше 160 мың теңгеге көтерiлдi. Мұндай баға бұрын-соңды болып көрмеген.

Мақташылар қырманға жинаған өнiмдерiн аудан көлемiнде орналасқан

3 зауыт пен 26 мақта қабылдау пунктiне тапсырып жатыр.

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 853
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2247
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 572
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 548