Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6946 0 пікір 29 Қыркүйек, 2016 сағат 16:48

Түлкібаста алма өсіру қарқын алуда

Түлкібас – Кеңес одағы тұсында дәмі бал татитын «Апорт» алмасымен аты шыққан аудан болатын. Өйткені, ол ауданның ауа-райы жемістің осы түрін өркендетуге өте қолайлы. Тәуелсіздік алған жылдары алма баулар біртіндеп жойылып, жоқ болып кеткен болатын. соңғы жылдары сол алма бауларды қайта қалпына келтіру, алманы Түлкібастың бренді ету мақсатында көптеген шаруалар атқарылуда. Жуырда бұл ауданда ұйымдастырылған семинар-кеңестің мақсаты да осы саланың келешегін кемелді ету болатын. Оған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жауапты мамандары, аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң орынбасарлары, бау шаруашылығымен айналысушы бағбандар қатысты.

Бүгінде Түлкібас ауданында 3115 гектар бау бар. 2007-2015 жылдар аралығында мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес алма бауы мен жүзiмдiк көлемi ұлғайтылып, 1 429 гектар алқапқа жаңа алма ағашының көшеттерi отырғызылды. Осылайша облыс әкiмiнiң Түлкiбас ауданын жемiс-жидектi аймаққа айналдыру туралы бастамасына сәйкес көптеген жұмыстар атқарылды. Алма ағаштарын өсiруге ниет бiлдiрген ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге қосымша жер телiмдерi берiлiп, алма баудың көлемi жылдан-жылға көбейiп келедi.

Семинарға қатысушылар бұл күні Мичурин ауылдық округiне қарасты «Мөлдiр» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнің тыныс-тіршілігімен танысты. Жергiлiктi бағбандар Түркияның «Яула Филис» компаниясымен бiрлесiп, 110 гектар алқапта қарқынды бау және 5 гектар танапта тұқым бақ өсiруде. Сонымен қатар, ауданда «Көктал», «Кентау» ЖШС, «Түлкiбас транссервис» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерi де қарқынды бау өсiрудi қолға алыпты. 2020 жылға дейiн Түлкiбас ауданында алма бау көлемi 3 600 гектарға жеткiзiлмек.

Түлкібаста бау өсіруге жергілікті тұрғындардан өзге азаматтар да қызығушылық танытуда. Мәселен, «Кентау» ЖШС, «Зерде агро» ШҚ, қарқынды бау өсiрумен белсендi айналысуда. Шаруашылықтар жемiс ағаштарын күтiп-баптауда өркениеттi елдердiң, оның iшiнде Түркия, Польша мемлекеттерiнiң соңғы үлгiдегi озық тәжiрибелерiн пайдаланады. Бұл интенсивтi бауларға негiзiнен тамшылатып суару технологиясы кеңiнен қолданылады. Қарқынды бау үшiн мемлекеттен де жеңілдіктер қарастырылған. Көшеттер отырғызған кезде инвестициялық жобаларды субсидиялау бағдарламасы бойынша алғашқы жылы әрбiр гектарына кеткен шығынның 40 пайызы қайтарылып берiледi.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540