Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4014 0 пікір 28 Қыркүйек, 2016 сағат 17:37

ОҚО-да полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін зауыт ашылады

Бүгін Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы «Бадам» индустриалды аймағында полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін жаңа зауыттың іргетасы қаланды. Инвестиция құны 20 млн. АҚШ долларын құрайтын зауыт жылына 50 мың тонна өнім өндіреді деп күтілуде.

Ірі өндіріс орнының қазығын қағу салтанатты шарасына шетелдік бірқатар ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Еске салайық, бұл жоба осы жылдың 28-29 сәуірінде өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асып отыр.

Аталған жобаны әлемге танымал  шетелдік HONGKONG TIANRUN CO.,LTD ірі өндіріс компаниясы облыс әкімдігімен және Green Technology Industries компаниясымен бірлесе отырып салмақ. Бүгінде бұл компания  70 мемлекетте өндіріс орындарын ашып үлгерген.

Өңірдің әлеуметтік-экономикасының дамуына серпіліс беретін зауыт іске қосылған кезде 250 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша өңірде шаруалардың жұмыстарын жандандыру мен облыс тұрғындарының жұмыспен қамтылуы толық қамтамасыз ету мақсатында  тың жобалар мен өндіріс әм аграрлық сектордың қызметін тірілтуде. Әсіресе, Бейбіт Бәкірұлының бастамасымен өңір тұрғындарының тұрмыс ахуалы жақсарып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Солардың жарқын көрінісі  «Бадам» индустриалды аймағында ашылған жаңа полиэтилен зауыты болмақ.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554