Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 5363 0 пікір 27 Қыркүйек, 2016 сағат 11:56

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ҰЗЫНАҒАШТАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒАНЫ ӨЗ БАҚЫЛАУЫНА АЛДЫ

Бүгін Елордада Үкіметтің кезекті жиынын ашқан Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев әуелі Ұзынағаштағы қанды оқиғаға қатысты марқұмдардың отбасына көңіл айтып, Ішкі істер министріне қатаң тапсырма берді.

Кісі қолынан ажал құшқан үш жігіттің қасіретті қазасы әр қазақтың қабырғасын қайыстырып кеткені рас. Естеріңізге сала кетейік, біз бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мырзадан бастап, өзге де құзіретті органдағы жауапты тұлғалар назар аударып, жұмыла кірісуі керектігін жазған едік (http://abai.kz/post/view?id=9974). Енді бұл іске Премьер-министрдің өзі араласып, іс барысын бақылауында ұстайтынын мәлім етті.

Министрлердің басы қосылған кезекті жиынды ашпас бұрын Үкімет басшысы Ұзынағаштағы қанды оқиға туралы сөз етті. Ағайынды үш жігіттің қазасына қатысты Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовқа істі жіті бақылауға алуды тапсырды.

«Қазір БАҚ беттерінде қылмыс туралы көп айтылуда. Бізге белгілі болғандай, Алматы облысында қазір күдіктілер ұсталған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс халықты толғандырып отырғандықтан, бізге нақты дерек беруіңізді сұраймын», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысының  сөзінен кейін Ішкі істер министрі сөз алып, қылмыскерлердің қалай ұсталғандығын мәлім етті.

«20 қыркүйекте бізге Алматы облысында мал сатуға шыққан үш жігіттің ұшты-күйлі жоғалғаны туралы ақпарат келіп түсті. 21 қыркүйекте біз жоғалған жігіттерге тиесілі екі жүк көлігінің бірін таптық. Осы екі көлікпен олар 41 бас малды базарға алып барған. Ал, 23 қыркүйекте екінші жүк көлігі табылды. Қылмысқа қатысты күдіктілер Жамбыл ауданының тұрғындары болып шықты. Олар мәйіттерді қайда көміп тастағанын өз еріктерімен көрсеткен. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562