Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3871 0 пікір 23 Қыркүйек, 2016 сағат 18:24

Ғ.Әбдірахымов «қала күні» мерекесіне орай ең жас және ең қарт тұрғындарды құттықтады

Қала күні мерекесіне орай, Шымкент қаласындағы №4 облыстық перинаталдық орталығында қаланың ең жас тұрғынын құттықтау рәсімі өтті. Отбасының қуанышын бөлісуге қала әкімі Ғ.Әбдірахымов арнайы келді. 

Айта кетейік, көпбалалы ана Ақбота Асанова отбасында жетінші перзентін, ал қала бойынша 22 300-ші сәбиді дүниеге әкелді. Яғни, Шымкенттің «Ең жас азаматы» – Ербатыр Хансеитұлы. Жас сәбидің отбасына қала әкімі туу туралы куәлікті салтанатты түрде тапсырды. 

Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан азаматша А. Асановаға гүл шоғы, балаларға арналған қоларба және жас нәрестеге арналған сыйлық табыс етілді. 

Бұдан бөлек, қала әкімі зейнеткер Назым Мәмбетәлінің үйінде болып, биыл 107 жасқа толып отырған қаланың ең қарт тұрғынына арнайы сый-сыяпатын табыс етті. Ардақты ана 1909 жылы Отырар ауданында дүниеге келген. Тыл еңбеккері өзінің ұзақ ғұмырында колхозда еңбек еткен. 10 баладан 31 немере, 19 шөбере сүйді. 

Қала әкімі қаланың қарт тұрғынына теледидар сыйлап, оған зор денсаулық, жанұясына бақыт тіледі. 

Айта кетейік, бүгінде қалада жасы жүзден асқан 19 адам тұрады. Оның басым көпшілігі Еңбекші ауданының тұрғындары аталады. 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676