Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2952 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 17:38

Ордабасы ауданында 5203 шаруа қожалығы бар

Ордабасы ауданында 5203 шаруа қожалығы, 404 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 187 өндірістік кооператив 54 384 гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын егіп, бүгінде еӊбегініӊ жемісін көруде. Оныӊ ішінде 2117 гектардан бақша өнімдері, 6469 гектардан майлы дақылдар, 3315 гектардан көкөніс, 635 гектардан картоп жиналуда. 

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын қолдауға жалпы 30 млрд. теӊге бағытталып отыр.

Облыстыӊ экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес, бүгінде, облыста 7 индустриялық аймақ табысты жұмыс істеуде (Шымкент, Кентау, Түркістан, Созақ, Түлкібас, Мақтаарал, Казығұрт). Сонымен қатар, 4 индустриялық аймақтыӊ инфрақұрылымдарыныӊ құрылысы жүргізілуде. 

Жалпы индустриялық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4 025 жұмыс орны құрылды.

Индустриялық -инновациалық даму" бағдарламасы аясында 27 млрд. теӊгеге 16 жобаны іске қосып, 845 жұмыс орнын құру жоспарланса, жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылды. Атап айтсақ, "Шымкентмай" АҚ -өсімдік май өндірісін ұлғайту жобасына 1,9 млрд. теӊге жұмсалып, 26 жұмыс орны ашылса, "Lotus Food Company LLC" ЖШС - тез даярланатын азық-түлік әзірлеу жобасына 471 млн. теӊге жұмсалып, 48 жұмыс орны ашылды. 
«Өӊірдің аграрлы екенін ескере отырып, ауыл шаруашылығыныӊ дамуына ерекше назар аударылуда. Саланы қолдауға жалпы 29 млрд. теӊге бағытталып отыр. Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеӊінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары,мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде,- деді облыс басшысы.

Оныӊ айтуынша, жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 123 млрд.теӊгені құрап, 2% артты. 

Егіс көлемі өткен жылдан 13 мыӊ гектарға артып, 788 мыӊ гектарды құрады. Суармалы 466 мыӊ гектар жердіӊ 93% игерілуде (434 мыӊ га).

"Ағымдағы жылы дәндік жүгеріден 108,4мыӊ тонна, көкөністен 811мыӊ тонна, бақшадан 1 252 мыӊ тонна, картоптан 195 мыӊ тонна, масақты дақылдардан 470 мыӊ тонна өнім жиналды. 

Алғаш рет бидайдыӊ орташа өнімділігі 22 центнерді құрап (2015 ж. - 17,8 ц/га), рекордтық өнім алынды. Тамшылатып суғару әдісі қосымша 6000 жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мыӊ гектарға жетті (Республикадағы үлесі 73%). Жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жетті (Республикадағы үлесі 87%). Осы жылыжайлардан 80 мыӊ тонна көкөніс өнімдері жиналды. Тереӊ қопсыту технологиясы 89 мыӊ гектарға енгізілді,- деді ОҚО әкімі. 

Жыл басынан фермерлерге "Ырыс" қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теӊге көлемінде несие берілді.

"Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламаларымен 35 мыӊнан аса мал басы сатып алынды.

4000 астам ұсақ шаруаылықтарды біріктіретін 47 кооперативтер құрылып, 9 МТС ашылды.

Абай ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413