Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2487 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 17:24

165 жобасының 65% ауылдық жерлерге негізделген

Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында АӨК-нің барлық бағыттары бойынша тұрақты өсу байқалуда. Аймақтық Индустриаландыру картасының 165 жобасының 65% ауылдық жерлерге негізделген. Қазақстанда ауыл шаруашылығының негізгі көлемін жеке қосалқы шаруашылықтар шығарады (шамамен еттің 70% және сүттің 80%). Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы хабарлайды.

Шағын бизнесті, оның ішінде шағын агро құрылымдарды қолдау үшін елімізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жұмыс жасайды, оны жүзеге асыруға Үкімет баса назар аударады. 2016 жылы ЖҚЖК-2020 аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға микронесие беруге 7 237,5 млн теңге берілген. Бағдарламаның 736 қатысушысы заемдар алушылар болды, оның орташа мөлшері 2,6 млн теңгені құрады.

Оңтүстіктің аграрлық сектор өкілдері ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және сақтауға, сондай-ақ көлік тарифтеріне қатысты кейбір мәселелерді оң шешкен.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің деректеріне назар аударсақ, қазіргі уақытта АӨК өкілдерімен кездесулердің нәтижесін қорытындылай келе, Оңтүстік Қазақстан облысының жоғары аграрлық әлеуетін аталды. Өңдеу кәсіпорындарының проблемаларын шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге кәсіпорындардың ұсыныстарын жинау ғана қажет.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413