Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2412 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 17:06

Оңтүстік ауылдарынан Солтүстікке көш жалғасын тапты

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әм мемлекеттік бағдарлама аясында Оңтүстік халқы Солтүстікке көш бастаған болатын. Алдыңғы лек жайғасып, жұмыспен қамтылған. Аталған бағдарламаның жалғасын тауып жатқандығы туралы хабар жақында келді. Сөйтсек, Оңтүстіктен тағы 25 отбасы Солтүстікке көшпекке бел байлапты.

Шымкент қаласынан және Төле би ауданынан жиналған тұрғындар Шоқан Уәлиханов ауданындағы Ақжар ауылына көшіп барады. Олар түгелдей жұмыспен қамтылып, өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысатын болады, деп жазады otyrar.kz Шымкенттік Гауһар Балтабаева жуырда жайғасатын жерін көзбен көріп қайтты. Баспанам да, жұмыс орным да көңілімнен шықты дейді. Бірнеше жыл бойы математика пәнінен сабақ беріп келген мұғалім енді бұл жұмысын солтүстікте жалғастыратын болады. Қоныс аударушылардың арасында жұмыссыздар мен басыбайлы баспанасы жоқ тұрғындардың қарасы көп. Алайда, барлығы да еңбекке қабылетті. Игі бастаманың басы-қасында жүрген халық қалаулылары солтүстікке ат басын бұрғандардың барлығының да баспанасы дайын деп сендіреді. Айтуларынша, оларға бір реттік мемлекеттік субсидиядан бөлек егін егетін жер де беріледі. Кәсіп бастау үшін төмен пайызбен несие де ала алады. Айта кетейік, жыл басынан бері облыстан 80-нен астам отбасы солтүстік өңірге көшкен. Ұйымдастырушылар ниет білдірушілердің қатары 200-ден асып жығылады дейді. Алайда, өңірде бұл мақсатқа небәрі 100 квота бөлінген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417