Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2756 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 17:01

Мал шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс өсіп келеді

Биыл жылдың қорытынды есебі бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі тапсырмасымен мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шара жоспары пысықталды. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығымен бірлесе дайындалған құжат аймақтағы мал шаруашылығын дамытуға тың серпін бермек. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Абай ақпарат» порталы  хабарлайды.  

«Оңтүстік Қазақстан облысында етке деген қажеттілік жылына 90 мың тонна, ал сүтке сұраныс 450,7 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда мұндай қажеттілік қанағаттандырылғанымен, халық санының артуына байланысты мал шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс өсіп келеді. Оның үстіне, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ет өнімдерін республиканың басқа облыстарына, шетелдерге экспорттау үлкен маңызға ие», — делінген баспасөз хабарламасында.

Желтоқсан айындағы мәліметтерге, қарағанда, облыста қайта өңдеу бойынша «FoodMaster» АҚ, «Атамекен» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС сияқты жалпы саны 31 кәсіпорындар шоғырланған. Онда жалпы облыста өндірілетін 653 мың тонна сүттің 22,8 пайызы қайта өңделеді.  Ал үш тараптан әзірленген бағдарлама негізгі үш бағытта жүзеге асатын болады. Олардың қатарына облыста бар сүт тауарлы фермалардың мал басын асылдандыру, шағын үлгілік-отбасылық фермаларды ұйымдастыру, ірі қара мал бордақылау алаңдарын құру сияқты іс-шаралар еніп отыр. Бұл іс-шара жоспарын қаржыландырудың негізгі қаржылық операторы қызметін «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы жүзеге асыратын болады. Бұл ретте «Максимум» орталығы арқылы 4 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылғаны белгілі болды.  Облыстың экономикасы үшін маңызды саналатын жоспарды жүзеге асыру арқылы жыл сайын 9,1 млрд. теңгені құрайтын мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мүмкіндігі туады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415