Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6291 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 16:42

ОҚО: Қаратау ауданында елдімекендерге су құбырлары тартылып жатыр

Шымкент қаласындағы отыз елдімекен бүгінде Қаратау ауданына қарасты осы аудан әкімі Ғалым Исмаиловтың айтуы бойынша бюджеттен қыруар қаражат бөлініп, елдімекендерге су құбырлары тартылып жатыр, - деп хабарлайды Абай-апарат. 

 Ғалым Ыбырайұлы, өткен жылы қаңтар айында осы ауданға әкім болып тағайындалғалы бері бір жыл ішінде бірқатар іргелі істерді атқарған.

Әкім болып тағайындалғаннан кейін барлық елдімекенді аралап шығып, жергілікті жұрттың мұң-мұқтажын, ұсынысын тыңдаудаған. Әрбір ауыл­дағы шешімін таппаған мәселелерді түртіп алып, жоспарлы түрде оларды шешу жағын қарастырған. Нәтижесі жаман емес. Қазір бюджеттен қыруар қаражат бөлініп, елдімекендерге су құбырлары тартылып жатыр екен. Ауылдарда жолдар салынып, көгілдір отынмен қамта­масыз етіле бастады.

Жаңадан қосылған елдімекендерге инфрақұрылым тарту мәселесі қашанда маңызды екені белгілі. Осы ретте халықты таза ауызсумен, табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі де жолға қойыла бастаған. 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қаратау ауданы бойынша бүгінде ең күрделі мәселенің бірі – ауызсу болып тұр. Мәселен, ауданға қарасты ауыл-аймақтардың 8%-ы, яғни, 3005 үй тасымалданған, не болмаса құдықтан су ішеді. 34%-ына кесте бойынша су беріледі. Су мәселесі әсіресе Асар-2, Достық, Нұртас шағын­аудандары мен Қайнар­бұлақ тұрғын алабында қиын болған. Ал, Тұран шағын­ауданындағы халық тоғыз жылдан бері тіршілік нәрін тасып ішіп жүр. Осы проблема бойынша әкімшілік жүйелі жұмыс жүргізіп, биыл шағынаудандағы 400-дей үйге су беріледі деп жоспарланып отыр. Өзге елдімекендерге су құбырларын тарту үшін мемлекеттен 1млрд 600 млн теңгедей қаржы бөлініп, арнайы жобалық сметалық құжаттар жасалды. Нәтижесінде Нұртас, Сайрам, Ақжайық, Қайтпас-1 шағынаудандары мен Мирас саяжайында құбырлар тартылған. Олар жақын күндері тапсырылады деп күтілуде. Қайнарбұлақ саяжайында құбыр тарту жұмыстары біткен, қазір абоненттерге тарату шаралары жүргізілуде. Шамамен екі айдың көлемінде жұртқа су беріледі. Өзге елдімекендер 2018 жылға дейін кезең-кезеңімен таза сумен қамтылады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415