Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6054 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 16:35

Ет өнеркәсібі мен сүт фермасының өңір экономикасындағы үлесі жоғары

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы қуаттылығы 38,5 мың болатын 43 ет өнеркәсібі, 130 мың тоннадан астам өнімді қайта өңдейтін 38 сүт фермасы, жылына 107,6 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін 35 қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасап тұр.  

Өткен жылы қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, қосымша ет 8,1 мың тн, сүт 9 мың тн және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу қуаттылықтары 18,6 мың тн артып, меже артығымен орындалған болатын.

Ал биылғы жылы желтоқсан айындағы мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысында  ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 28,6 млрд.теңгеге ұлғайып, 158,6 млрд. теңгені құрапты. Бұл туралы Абай-ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды

Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 344,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 21,8 млрд.теңгеге ұлғайып, 3,5% артыпты. Оның ішінде, мал шаруашылығы 158,7 млрд. теңгені құрап, 4%, егін шаруашылығы 184,8 млрд. теңгені құрап, 3,1 пайызға артқан. Өңірдің ауылшаруашылығы өнімдерінің еселеп өсуіне жоғарыда аталған 43 ет өнеркәсібі мен 130 мың тоннадан астам өнімді қайта өңдейтін 38 сүт фермасының үлесі зор дейді мамандар.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454