Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3866 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 16:01

ОҢТYСТІК МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЕГУГЕ БАСА НАЗАР АУДАРМАҚ

ОҚО-да ауылшаруашылығын дамыту мақсатында майлы дақыл өсіру ісіне ерекше көңіл бөлінбек. Биыл облыс бойынша майлы дақыл егуші шаруаларға бір тонна өнімге 8 мың теңге субсидия бөлінетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жылдары ел бойынша дәнді дақыл алқабы азайып, керісінше, майлы дақылдардың көлемі ұлғайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының тікелей араласуымен егіс алқаптарын әртараптандыру жүрді. Мұның себебі белгілі. Астық тәуір шыққан жылдары бидайдың бәсі түсіп кетеді. Оны өткізетін де, сақтайтын да жер жоқ. Сұранысы төмен астық дақылдарын майлы дақылдарға ауыстыру шаруаға тиімді көрінді.

Кейінгі бір-екі жылда майлы дақылдардың алқабы дәстүрлі бидай өсіруші тың өлкелерінде, оның ішінде, біздің аймақта да кеңейді. Егіншілікті әртараптандыру бағдарламасына сәйкес барлық өңірде көп болмаса да, дәнді дақылдар егу көлемі азайды. Республикада, оның ішінде біздің облыстың өзінде дәнді дақыл егісі өткен жылғыдан кем салынды. Есесіне тауар өндірушілер қымбат бағамен өтетін сұранысқа ие дақылдарды өсіруге бет бұрды. Майлы дақылдардың егісі алдыңғы жылы ел бойынша 1 млн. гектардан асса, былтыр 1 млн. 700 мың гектарға жеткізілді. Сол арқылы, мамандардың айтуынша, еліміз өсімдік майын өндіруге қажетті шикізатпен өзімізді толық қамтамасыз етті. Тек ішкі қажеттілікті қанағаттандырып қана қоймай, өңделген өнімді экспортқа шығаруға жол ашылды.

Қазақстан бойынша майлы дақылдардан ең көп егілетіні — күнбағыс. Майлы дақылдардың күнбағыстан өзге де түрлері молынан егіле бастады

ОҚО-да майлы дақылдардың (мақсары, күнбағыс) 1 тонна өніміне 8 мың теңге субсидия бөлінуінен алда облыста бұл саланың дамитынын байқауға болады

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1161
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2687
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 802
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 776