Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2847 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 13:15

ОҚО да «жасыл» экономиканы ендіруде ілгерлеушілік бар

Жер қойнауындағы табиғи байлықты тиімді пайдалану бүгінде жаһандық маңызы бар мәселеге айналып отыр. Биыл Оңтүстікте «жасыл» экономиканы ендіру жөнінде жобалар қолға алынды. Оның аясында өндірістік қалдықтар қайта өңделді. Қоқыс тастайтын полигоны тапшы өңірде экологияға зиянды қалдықтар қалай жойымақ?

Оңтүстікқазақстандық экологтардың сөзінше, «жасыл» экономикаға көшу біздің облысты ғана емес, мемлекетімізді экологиялық тоқыраудан сақтайды.

«Біз «жасыл» экономика бойынша үлкен сауалдар көтеріп жатырмыз қазір. Өнім қалдықтарын өндірістік циклге қайтару 115 мың тоннаға дейін жеткен. Бұл экономика үшін халықаралық стандартқа сай техника қажет. Айтпақшы, «Ордабасы құстың» ұсынысымен біз құстар мен малдардың нәжісін де қажетке жаратуымызға болады. Бұл жөнінде арнайы комиссияда да айтылды. Және «Шымкент цемент», «Састөбе — Шымкент» мекемелері де жаңа бағыт бойынша жұмыс істемек, яғни, қалдықтарды қайта өңдеуді қолға алмақ», - дейді ОҚО экология департаментінің мамандары.

Ал ондай техника әзірге елімізде санаулы ғана. Егер жаңа талап толықтай енгізілсе, өңірдегі өндіріс орындары ескі әдіс бойынша жұмыс жасай алмайды. Мұны жергілікті кәсіпкерлердің өзі мойындап отыр. Ал бірнеше кәсіпорындар қазірдің өзінде өнім қалдықтарын қайта өңдеу үшін жаңа жобаларды қолға алды.

Бүгінде табиғи қорды сақтау мен оны пайдаға жарату — уақыт талабы. Дамыған елдердің өзі осындай жаңа технология мен жаңа бағыттар бойынша жұмыс жасап жүр. Бұл — қазақстандық өндірістердің «жасыл» экономиканы жедел жүзеге асыруы керек екенін байқатады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5449