Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2500 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 13:15

"Сыбаға": деректер не дейді?

ОҚО облысы көлеміндегі жыл қортындылары есебі бойынша, Ордабасы ауданы озық тұр.  Аталған ауданда биылғы жылдың 6 айында-ақ ауыл шаруашылық саласында 9 миллиард 366 миллион 700 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың тиісте кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,0 пайызды құраған.

Ағымдағы жылдың жарты ширегінде алдыңғы жылмен салыстырғанда мал шаруашылығында өсім 3,1 пайызды құраған. Ірі қара мал шаруашылығында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша нақты 1036 (тапсырма 850) басаналық және 46 (тапсырма 39) бас асыл тұқымды бұқа алынып, тапсырма 121,9 пайызға орындалған. «Құлан» бағдарламасы 44 пайызға (тапсырма 250 бас асыл тұқымды жылқы, нақты 110 асыл тұқымды жылқы); «Алтын асық» бағдарламасы 153,9 пайызға (тапсырма 1600 бас асыл тұқымды қой, нақты 2 463 асыл тұқым қой) орындалды. Ауданнан 2016 жылы 36 бірлік 10-15 бастық жанұялық фермалар іске қосу тапсырылып, 32 бірлік 10-15 бастық жанұялық фермалар іске қосылған. Ірі қара малдарды қолдан ұрықтандыру бағытында ағымдағы жылы жоспарланған 7 348 бас ірі қара малдың 7 369 басы қолдан ұрықтандырылып, тапсырма 100,3 пайызға орындалған.

Мамандардың айтуынша ауданда ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 193 682 га құрайды (егістік жер көлемі 91 146 га, оның 40 587 га жері тәлімі, 33 300 га суармалы, жайылым 101 107 га, көпжылдық қондырғылар 1 429 га, тыңайған жер көлемі 17 559 га). 2016 жылға жаңа техника алу тапсырмасы 89,1 пайызға орындалып отыр (тапсырма 55 жаңа техника, нақты 49 ауылшаруашылық техникасы алынған).

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458