НАЗАРБАЕВ - "ЖЫЛ АДАМЫ"
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық саясатқа қосқан орасан зор үлесі үшін және ЕЭО-ның нығаюына қосқаны үшін "Жыл адамы" халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.
"Жыл адамы - 2016" халықаралық сыйлығының марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында өтті. "Халықаралық саясатқа" қосқан орасан зор үлесі үшін және Еуразиялық экономикалық одақтың нығаюына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Жыл адамы" сыйлығы табысталды.
"Жыл адамы - 2016" халықаралық сыйлығы 1993 жылдан бері Ресей биографиялық институтының бастамасымен құрылған. Аталған иниститут - ғылым, мәдениет, мемлекетті басқару, әлеуметтік жауапкершілік кәсібі мен қайырымдылық салаларында қызмет етіп жүрген адамдарды марапаттайды.
Сондай-ақ, "Жыл фильмі" номинациясы бойынша сыйлық Андрей Шальопа мен "28 панфиловшылар" фильмін жасап шығаруға белсене ат салысқаны үшін, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына берілді. Ал осы фильмнің дүниеге келуіне елеулі үлес қосқаны үшін мемлекет қайраткері, тарихшы және саясаткер Тайыр Мансұров та сыйлыққа ие болды.
Abai.kz