Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 6857 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 10:32

ТРАМП. "ӘЛЕМ ЕСІН ЖИҒАНША" АҚШ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУЫН КYШЕЙТЕДІ"

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп: "әлем "есін жиып болғаншы, америкалық ядролық қаруды күшейту керек", деп мәлімдеді. Бұл туралы Рейтер агентігі хабарлады.

Трамп Twitter микроблогында былай деген: "әлем есін жиып болғанша, Құрама Штаттарға өзінің ядролық қуатын бұдан әлдеқайда арттыруы керек". Трамптың өкілі Джейсон Миллер кейінірек президенттің "ядролық қару террористік ұйымдардың қолына түспей тұрғанда әрекет ету керек" дегенді айтқысы келген деп түсіндірді.

Келесі он жылдықта АҚШ-тың стратегиялық потенциялы - баллистикалық зымырандары, сүңгуір қыйықтары, бомбалаушылары және ядролық триадасы қолдану мерзімінен шығып қалады. Арсеналды жетілдіру үшін 30 жылда шамамен бір триллион доллар қажет.

Сәрсенбі күні Трамп Пентагон өкілдерімен және АҚШ-тың екі ірі қорғаныс мердігерінің басшыларымен кездесті. Трамптың хабарлауынша, жүздесуде F-35 Lockheed Martin жойғыш ұшағын құрастыруға арналған екі бағдарламаның құнын төмендету және Боинг 747-8s - Air Force One президенттік ұшақты ауыстыру туралы әңгіме болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450