Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3262 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 23:33

Шымкент қаласы да ауылшаруашылығы саласына ерекше көңіл бөліп келеді

ОҚО-да аудандармен қалыспай, Шымкент қаласы да ауылшаруашылығы саласына ерекше көңіл бөліп келеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Шымкент қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жері 63196 га, оның ішінде егістік жер 431 мың га, жайылым 20016 га, шабындық 243 га, бау және көпжылдық екпелер 937 га құрайды. Әкімшілік аумақтық шекараның өзгеруіне байланысты 3,5 мыңнан аса агроқұрылым қосылып, бүгінгі таңда қала бойынша барлығы 4152 ауылшаруашылығы тауар өндірушілері еңбек етуде.

Аталған шаруашылықтарға қазіргі таңда Үкімет тарапынан өте үлкен қолдау көрсетілуде. Атап айтсақ, көктемгі және күзгі егісті егіп, жинауға жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай, минералды тыңайтқыш, гербицидтер берілуде және ашық топырақта егілген егіс, көкөніс, дәнді және майлы дақылдарға (арпа, мақсары, жоңышқа, дәндік жүгері) бау, жүзім, жылыжай, (фермерлік, өнеркәсіптік) кешендеріне және асыл тұқымды мал шаруашылығына субсидия берілуде. Бұл деген агроқұрылымдарға үлкен қолдау болып тұр.

Осындай қолдаудың әсерінен бүгінгі таңда ауылшаруашылығымен айналысуға қызығушылық білдіріп жатқан кәсіпкерлердің саны артуда. Мәселен, Шымкент қаласында 2015 жылы 6 шаруақожалық жартылай қарқынды бау екті. «Жұлдыз» шаруа қожалығы 5,2 гектарға қарқынды бау отырғызып, қала аумағындағы баудың көлемі 72 гектарға жеткізілді және 6 шаруашылық 10,9 гектарға жылыжай Шымкент қаласында жылыжайлар көлемі 125,5 га жеткізілген болса, озық технологиялар бойынша жұмыс жасап жатқан 28,34 гектар өнеркәсіптік типтегі жылыжайлар бар. Бұл барлық жылыжайлардың 22,6% құрайды. Бұдан тыс 465,6 тн тұқым лабораториялық тексеруден өткізіліп, 3975 га егістік алқабы сақтандырылды. Диқандардың табысқа жетуіне дақылдарды егудің терең қопсыту мен тамшылатып суғару әдістерін ендіру көптеген септігін тигізуде. Жыл басынан бері 109 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, терең қопсыту технологиясымен 2,1 мың га жер өңделді.

Нәтижесінде ауылшаруашылығы дақылдарының межеленген егіс көлемі орындалып, егістік алқаптарының толық игерілуі қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда, Шымкент қаласына 36,0 мың гектар жерді игеру тапсырмасы белгіленсе, қазіргі таңда жерді игеру жұмыстары жүргізілуде.

«Оңтүстік Қазақстан облысы мал шаруашылығын дамытуға 2014-2016 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2015 жылы Шымкент қаласында:

1) 37 шағын мал бордақылау алаңшалары ашылып, оның ішінде, 15 алаңша жеңілдетілген пайыздық мөлшерлі несие арқылы ашылды.

2) 15 шағын жанұялық сүт ферма ашылды. Оның ішінде, 1 ферма жеңілдетілген пайыздық мөлшерлі несие арқылы ашылды.

3) Өз қаржысына 2 сүт қабылдау бекеті ашылды.

Облыста мал шаруашылығын дамыту шараларының 2014-2016 жылдарға арналған іс-шара жоспарын іске асыру мақсатында жеке тұлғалардан өтінімдер қабылдау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара жоспарының негізгі талаптарын халыққа жеткізу мақсатында Абай, Еңбекші, Әл-Фараби ауданы әкімдіктерімен бірлесіп, қала аумағындағы барлық 40 елдімекенде 3800 адам қатысқан түсіндірме жиналыстар өткізіліп, іс-шара жоспары жалғасын табуда.

 Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458