Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2798 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 17:36

ОҚО: Түлкібаста ауылшаруашылығы техникалары жаңартылып жатыр

 

Оңтүстік Қазақстан облысында Түлкібас ауданы ауыл шаруашылығы жағынан қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Жылдың қорытындысы бойынша,  ауданда ауыл шаруашылық техникалары жаңартылып,  шаруа қожалықтар мен кооперативтер біріктірілуде. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан аудан әкімі Қ.Абдуалиев жуырда шаруа қожалықтарында болып, қожалық иелерімен кездесті.

Онда ол саланы одан әрі жандандыру мақсатында заман талабына сай жаңа техникалармен жабдықталған станция құру мәселесі қолға алынғанын айтып, бүгінде ауданның үш аймағында машина трактор станциясы құрылып,   өз жұмысын жүргізіп келе жатқанын жеткізді. Жаңадан құрылған станция Түлкібас ауданына қарасты кооперативтермен шаруа қожалықтардың  егістіктегі жерін аудару, егу, жинау тағы басқада жұмыстарын жүргізетін болады.  Жалпы ауданда 1455 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары бар. Шаруалармен кездесу барысында аудан басшысы техникалардың алдағы көктемде болатын жер жырту науқанына дайындығын пысықтады.

Бүгінде аудан қыстағы қыруар шаруа мен көктемгі жер жырту, егін егіу науқанына толыққанды дайын дейді Abai.kz ақпараттық порталының тілішісімен хабарласқан Түлкібас ауданы ауылшаруашылығы басқарамасының өкілі. Тоқсаныншы жылдары соқасын сүйретіп қалған тракторлар қазір осылайша аулды жерлерде де жаңартылып, жаңаша жабдықталып жатыр.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2114
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4987
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4229