Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 4212 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 17:13

ОҚО-да күріш шаруашылығының дамуы қарқын алады

ОҚО-да ауылшаруашылығын дамыту мақсатында күріш өсіру ісіне ерекше көңіл бөлінбек. Желтоқсан айындағы мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша келер жылы күріш егуші шаруаларға гектарына 30 мың теңге субсидия бөлу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Абай-ақпарат ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысында күріш шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Өңір диқандары соңғы жылдары күріштен жақсы өнім алуда. Биылғы жылы облыс бойынша күріш ору жұмыстары қарқынды жүргізілді.

Облыста күріш егінімен  Мақтарал және Шардара аудандары айналысады. Соның ішінде Мақтарал ауданында жылына 3000 гектарға жуық алқапқа күріш егіледі. Әр гектардан шамамен 56 центнер күріш алынды. Ал, Шардара ауданында 1500-ге жуық гектар алқапқа  күріш  егіліп келеді. Жалпы өнімнің түсімділігі әр гектардан 60 центнерді құрайды.

Биыл ОҚО-ға арнайы келген Вьетнам елшісі өңіріміздің инвестициялық әлеуетінің жақсарғанын айтып, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы жетістіктерді оң бағалады. Күріш өнімін экспорттаудан әлем бойынша көш бастайтын мемлекет өкілдері Күнгей шаруаларын вьетнамдық күріш өсірудің тың тәсілдері бойынша тәжірибе алмасуға шақырды. Оңтүстік өлкесімен ауа райы ұқсас келетін елге алдағы уақытта біздің кәсіпкерлер баратын болып уағдаласты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1554
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3348
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6217