Тамшылатып суғарылатын жүгерінің гектарына 80 мың субсидия беріледі
ОҚО-да Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген жүгерінің гектарына 80 мың теңге субсидия бөледі, - деп хабарлайды Абай-ақпарат ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ОҚО-да Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген жүгерінің гектарына 80 мың теңге субсидия бөледі. Бул ҚР АШМ-ің «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген жүгеріге бөлінген ақша қарапайым дәндік жүгеріге бөлінетін қаржыдан екі жарым еседен артық. Дәндік жүгерінің әр гектарына 25 мың теңге бөлу қарастырылған.
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесі өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Шет мемлекеттерде өсімдіктерді тамшылатып суару әдісімен жылыжайларда, сондай-ақ аспалы бақтарда өсіру тәсілі кең қолданыста. Тамшылатып суару – өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс. Тамшылатып суаруға арналған құбырлар топырақ үстімен немесе астымен орналастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, құбырлар арқылы фертигация әдісін, яғни тыңайтқыштарды суға қосып қолдануға да болады. Суарудың мұндай түрі тыңайтқышты да, суды да қажет мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл дегеніңіз – суды үнемдеу.
Абай-ақпарат