Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялауға қажетті құжаттар белгілі болды
Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялауға қажетті құжаттар белгілі болды, - деп хабарлайды Абай-апарат ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялауға қажетті құжаттар
1. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін;
2. Жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке тұлға үшін;
3. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат;
4. Тұқымдардың сорттық және егіс сапаларын растайтын құжат;
Тұқым сатып алынған жағдайда – тұқымға арналған аттестат не тұқымға арналған куәлік;
Егіс үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда – байқаудан өткiзу актiсi мен тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк немесе байқаудан өткiзу aктici мен тұқымдарды талдау нәтижесi;
5. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт (1 тонна қант қызылшасына, шитті мақтаға, майлы тұқымға субсидиялар алу үшін);
6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісі;
7. Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорты (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін);
8. Тұқым сатып алуға арналған лизинг шарты;
9. Ауыл шаруашылығы кооперативiнiң анықтамасы (бар болса).
Абай-ақпарат