Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2787 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 15:24

ОҚО-да субсидияға қанша қаржы бөлінгені белгілі болды

ОҚО-да Ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді гектарлық субсидиялау дақыл түріне байланысты екені белгілі болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, дәндік жүгері үшін гектарына 25 000 теӊге берілсе, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген жүгеріге 80 000 теӊге, күрішке 30 000 теӊге, майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) 1 тонна өнімге 8 000 теӊге, картопқа 18 000 теӊге, көкөніс-бақшаға 18 000 теӊге, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақшаға 80 000 теӊге, мақта 15 000 теӊге, мақта 1 тонна өнімге 6 000 теӊге, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суғару жүйесін қолданып өсірілген мақтаға 60 000, жемшөптік дақылдарға (жаӊа жоӊышқа) 15 000 теӊге, сүрлемдік жүгеріге 9 000 теӊге, жарықты өнеркәсіптік жылыжайға (1 айналымға) 5 000 000 теӊге, жарықсыз өнеркәсіптік жылыжайға (1 айналымға) 2 500 000, фермерлік жылыжайға (1 айналымға) 1 500 000 беріледі.

Гектарлық субсидиялауға негізгі талаптар төмендегідей:

Аудан /қала/ ауыл шаруашылығы бөлімдері орналастырған өтінім қабылдаудыӊ басталуы және аяқталуы туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей бөлімге өтiнiмді және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттыӊ бар екендiгi туралы (екінші деӊгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасын) бір данада ұсынады;

Субсидиялар алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіс науқаны аяқталғаннан кейін, бөлімге дақылдардыӊ түрлерi бойынша нақты себу алаӊын көрсете отырып, егiс науқаныныӊ аяқталғаны туралы жазбаша ақпарат ұсынады;

Шитті мақтаныӊ және майлы дақылдардыӊ 1 тн. субсидия алу үшін өтінімге қосымша қайта өндеуші зауытымен жасалған қант қызылшасын, шитті мақтаны және майлы дақылдарды сатып алу-сату және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өӊдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарттардыӊ; майлы тұқымды меншікті шағын цехтарында қайта өӊдеген кезде - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушініӊ құрылымдық бөлімшелері арасында олардыӊ басшылары қол қойған майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісініӊ бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді;

Жылыжаймен айналысатын шаруалар субсидия алуға арналған АШТӨ тiзiмiне қосу үшін өтінімде қосымша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органынан жылыжайдыӊ (қорғалған топырақ ғимаратыныӊ) болуы мен жұмыс алаӊыныӊ қөлемі туралы техникалық паспортыныӊ бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489