Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2883 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 15:07

ОҚО-да ұсақ мал саны 24 пайызға көбейген

ОҚО-да ауыл шарушылығын дамыту мақсатында беріліп жатқан қаржының көмегімен соңғы екі жылда өңірде ұсақ мал саны 24 пайызға көбейген, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

Өз-өзін жұмыспен қамтып отырған шаруалардың базынасы бір. Аграрлы секторға бөлінген қаржының қолжетімді болуын қалайды. Бұл қаржының үлестірілуінде әкімшілік кедергілер жетерлік. 

Десе де күнгейдің епті шаруалар бұл істің де үдесінен шығып отыр. Жыл қортындылау ақпараттарына сүйенсек, ауыл шарушылығын дамыту мақсатында беріліп жатқан қаржының көмегімен соңғы екі жылда өңірде ұсақ мал саны 24 пайызға көбейіп, 4 жарым млн басқа жуықтаса, ірі қара малдың басы 26 пайызға өсіпті.

Айта кетейік, биыл тағы өңірде мал бордақылау алаңы салынады. Қазір шаруалар қаражаттарын алып жатыр. Премьер-министрмен кездесуде аграрлық сектор өкілдері ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу және сақтауға, сондай-ақ көлік тарифтеріне қатысты мәселелерді көтерді. Мәсімов мырза өңір басшысы мен жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдай келе өз шаруларға көмек қолын созатынын жеткізді.

Үкімет мүшелері іс-сапары кезінде «Мамлакат» жеке шаруа қожалығының да жұмысымен танысты. Айта кетейік, ауыл шаруашлығы өнімдерін шағаратын кәсіпорын бүгінде жүздеген адамды жұмыспен қамтып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485