Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2219 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 12:13

Сотталғандар 45 тонна өнім жинады

Шымкенттегі 7/10 мекемесінде жазасын өтеуші көкнөніс өсіруді қолға алып, биыл 45 тонна өнім жинады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мәліметтеріне сүйенсек, жазасын өтеп жатқандардың арасында еңбекке икемділері шаруашылықпен айналысуда.

«Төрт жылға сотталушы 43 жастағы Бақытжан мемлекеттік мүлікті талан-таражға салғаны үшін жазаға тартылған. Түрмеде отырып, жеке-кәсіптік қызметпен айналысуға кірісті. Бизнес жоба әзірлеп, оған жергілікті әкімшілік қана емес облыстық кәсіпкерлік басқармасы да қолдау білдірген”, – дейді ОҚО ҚАЖ департаментінің өкілі Тұрсынай Рахмет.

Оның айтуынша, қазір жазасын өтеушінің жетекшілігімен әрқайсысының аумағы бір гектардан екі жылыжай жұмыс істейді. Бұл жылыжайда қажырлы еңбекпен ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруді қолға алу өңір тынысына, экономикасына жаңа серпін, жаңа дем беретіні анық. Жаңа бастамасы жайлы, алдағы қоған мақсаттары жайлы бөліскен Бақытжан еңбектене отырып, ел экономикасын көтеру барлығымыздың парызымыз деген ойын білдірді. “Олардың бірінде қияр, екіншісінде орамжапырақ өсіріледі», – дейді Тұрсынай Рахмет.

Бұл бір жағынан ауыл шаруашылығын дамыту, екінші жағынан түрмеде отырғандарды жұмыспен қамтып, еңбекке баулу. Мұндай жаңа мүмкіндіктерді берген әкімдік азаматтардың өңірдің ауыл шрауашылығын дамытуына мүмкіндік беруді ойластырған екен. «Сонымен қатар, Бақытжан тігін цехын ашты. Айта кетерлігі оның шаруашылығында 10 сотталушы жұмыспен қамтылған», – дейді ол.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520