Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1819 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 12:13

«АгромашХолдинг»: тұтынушылардың мүддесi әрқашан бiрiншi орында

Биылғы жыл «АгромашХолдинг» АҚ үшін де елеулі жыл болды. Ең бастысы: бағдарлама шарттарын ұқыпты пайдалану, расында да, агроқұрылымдар үшiн өте қолайлы және тиiмдi болды. Дихандар «АгромашХолдинг» АҚ сервистiк орталықтарының мамандарына жүгiніп, жұмыстарын шешті. Олар iстiң мән-жайын түсiндiре отырып, қажеттi құжаттарды жинауға көмектестi. Жалпы айтқанда, барлығы жер игерген шаруаларға және диқандар үшiн. Айта кетерлiгi, барлығы тегiн және кейде өндiрушi де тәуекелге барады. Өйткенi, пайдаланылған техниканы қабылдағаннан кейiн қайда өткiзетiнi белгiсiз жағдайлар да кездесуi мүмкiн. Бiрақ бұл жағдай компания үшiн қорқынышты емес. Мұнда қалай болғанда да алға қойған мақсатқа жетуге үйренген. Оған қоса, «АгромашХолдинг» кәсiпорны үшiн өнiмдi тұтынушылардың мүддесi әрқашан бiрiншi орында тұр. Компанияның бiраз уақыттан берi өзi қабылдаған шешiмдерi үшiн жауапты екендiгiн дәлелдеуiн сенiм бiлдiрген қазақстандық аграршылар жоғары бағалауда.

Биылғы жылы Trade-In бағдарламасының арқасында қазақстандық аграршылар техникалық паркiн айтарлықтай жаңартты. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер бұл науқанға тартымдылығы үшiн ғана қолдау танытып отырған жоқ. Олар бұл науқан техникалардың барынша тозығы жеткен күннiң өзiнде ауыл шаруашылығы машиналарын модернизациялау үшiн ең жоғары әрi үздiк мүмкiндiгi екендiгiне сенiп отыр. Сондай-ақ, фермерлердi техникалдарды ауыстыру шарттары да аса қызықтыруда. Бұл процесс барлық жағынан ыңғайлы: аграршыларда техниканы консервациялау қажеттiлiгi туындамайды, пайдалануда болған комбайнды астық жинап болғаннан кейiн «АгромашХолдинг» АҚ-ның мамандары егiстiк басынан бiрден алып кетедi.

Оған қоса, компания ауыстыруға жататын тiзiмдегi техникалардың бағасын бұрынғы деңгейде қалдырып, 2016 жылғы жаңа өнiмдi, яғни «Essil – 760.1» астық жинайтын комбайнын қосты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480