Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2475 0 пікір 22 Желтоқсан, 2016 сағат 10:47

Медицина саласының 50 қызметкері Стамбулға барып тәжірибе алмасты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы  аясында  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өз саласының дамуына үлес қосқан білім, денсаулық және мәдениет салаларының қызметкерлеріне жалпы 110 адамға Түркия Республикасында тәжірибе алмасу үшін жолдама тапсырған болатын, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

2016 жылғы 14-21 желтоқсан аралығында Түркия Республикасы Стамбул қаласында облыстық медицина саласының 50 қызметкеріне арналған мастер-класстар мен оқыту семинарлары өткізілді. Оқыту Стамбул қаласындағы ең үздік клиникалары  Okan Üniversitesi Hastanesi, Yeditepe Üniversitesi Hastanesi, Acıbadem Hastanesi базаларында жүргізілді. Семинарлар мен мастер-кластардың негізгі бағыты – жүрек пен қантамыр аурулары, онкологиялық дерттер, ана мен балаға медициналық жәрдем көрсетудің біріктірілген моделін енгізуге бағытталды. Оның ішінде: жіті миокард инфаркті, жіті инсульт және жарақат кезіндегі медициналық көмек көрсету және онкологиялық ауруларды басқаруда, босандыру мен балалар қызметінде медициналық көмек көрсету қамтылды.

Сондай-ақ аталған клиникалардың жұмыс менеджментімен, дәрігерлерді дайындау әдісімен таныстыру жүргізілді. Мастер-кластар барысында облыстық дәрігерлер көрсетілген бағыттар бойынша оталар мен манипуляцияларды және науқастарды жүргізу тәртібін үйренді.

Оқытудың қорытындысы бойынша барлық мамандар арнайы сертификаттарға ие  болды.

Сонымен қатар, білім және мәдениет салаларының қызметкерлері де халықаралық деңгейде тәжірибе алмасып, аса пайдалы мағлұмат алып қайтты.

Оның ішінде білім қызметкерлері Стамбул мен Анкара қалаларының мектептері мен бала бақша жұмыстарымен танысты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511