Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3999 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 16:45

Майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру жобалары жүзеге асырылуда

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шарапхана ауылдық округіндегі Индустриалды аймақта орналасқан «Lotus Food Company LLC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісімен және ауыл шаруашылығы саласына арналған биоорганикалық тыңайтқыштар шығаратын фабрика өз жұмысын нәтижелі жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Жобалық құны 472 млн. теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 620 мыңнан аса қаптама әзірлеуге қауқарлы. Өнімді Республика аумағының барлық қалаларына өткізу жоспарда бар. Күнделікті тұрмыста жоғары сұранысқа ие, тез дайындалатын өнімдер шығаратын кәсіпорын 48 адамды жұмыспен қамтуда.

Қазіргі таңда аудандағы индустриалдық аймақта 5,8 млрд. теңгелік 7 жоба мақұлданып, осы жылы жалпы сомасы 722,7 млн.теңгелік 2 жоба Индустрияландыру картасына енгізіліді. Олар «Отырабат Құрылысы» ЖШС-ның құны 120 млн. теңгелік газоблок өндірісі мен «Асыл Бастау КZ» ЖШС-нің құны 602,7 млн. теңге болатын майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру жобалары.

Мұнан соң, Қызылқия ауыл округіндегі 500 гектардан астам жерге қарқынды бау шаруашылығын дамытып отырған «Аманкелді» ЖШС-нің жұмыстары көңіл көншітерлік. Алма, алхоры, шабдалы, шие, жүзім жеміс-жидектерін өсіретін серіктестік өнімдерін Қазақстан аумағынан бөлек, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан Республикаларына шығаруда. Сондай-ақ, олар мұндағы жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтайтын сыйымдылығы 2 мың тонналық қойма және тұқым бағында өндірілетін алма мен жүзім көшеттері бар.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511