Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4322 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 16:12

ОҚО: «Құлан» бағдарламасы 3,5 мың бас жылқы сатып алынды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Құлан» бағдарламасы 3,5 мың бас жылқы сатып алынды. Бұл туралы «Abai.kz» порталы хабарлайды.

Облыстағы жылқы тұқымын асылдандыру мақсатында қолға алынған жоба бойынша «Құлан» бағдарламасы шаруалардың жұмысын ширатып отыр.

Өңірдегі Ауылшаруашылық басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өңірде ауылшаруашылығында да ауқымды істер жүзеге асырылып отыр. Әсіресе, мүйізді ірі қара малын асылдандыруға бағытталған «Құлан» бағдарламалары бойынша бір ғана Созақ ауданында 4 шаруа 33 млн. 239 мың несие алып, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 647 уақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 129 жылқы алды. Бүгінгі күнге 237,0 млн. теңгенің құжаттары мақұлданып, жыл соңына дейін несиеленетін болады. Облыста мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде бірқатар шаруа қожалықтары құрылған.

Мал шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемiн арттыруға өңiрде iске асырылып жатқан «ОҚО мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары» тiкелей әсерiн тигiзуде. Iс-шараның негiзгi мақсаты – шағын жобаларды қаржыландырып, елдi мекен тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етiп, әл-ауқаттарын арттыру, аудан, облыс экономикасын көтеру. 

Мемлекет басшысы биыл бес институттық реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамында» сүт және сүт өнiмдерi, ет және ет өнiмдерi өндiрiсiн дамыту үшiн стратегиялық инвесторлар тарту мәселесiн көтердi. Осыған орай үш жыл мерзiмде ТМД елдерi нарығының жартысын Қазақстанда шығарылатын сүт және сүт өнiмдерiмен толтыруды, ал, ет өңдеудi дамыту үшiн шикiзат базасын құрып, өңделген өнiмдердi экспорттауды тапсырды.

 

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1162
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2689
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 804
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 777