Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2960 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 15:34

Терең қопсытудың технологиясы тереңдеп еніп келеді

ОҚО агроөнеркәсіптік кешенінің желтоқсан айындағы мәліметі бойынша, өңірде  жылыжайларға қосымша 96 га жер бөлініп, оның жалпы  көлемі ағымдағы жылы 1121 гектарға жетті деп хабарлайды Абай-ақпарат.  Оңтүстікте салынған жылыжайлардың Республикалық үлесі 87 пайыз. Бүгінгі күні осы жылыжайлар есебінен    160,0 мың тонна көкөніс өнімдері жиналған.  

Сонымен қатар, соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен пайдалану жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы терең қопсыту технологиясы 86,0 мың герктар жерге енгізілді. Терең қопсыту технологиясының ерекшелiгi, топырақты 70-80 сантиметр тереңдiкте қопсытып, жердiң 35-80 сантиметрден төменгi тығыздалған қабатын босатуға тiкелей әсер етедi. Осылайша өсiмдiк тамырының терең бойлауына, топырақ ылғалдығының ұзақ мерзiмге сақталуына ықпал жасайды. Нәтижесiнде егiстiктiң өсiп-өнуi жақсарып, өнiмдiлiгi артады.

Өңірде егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13 мың га артып, бақша, көкөніс, мақта, картоп және жеміс-жидек дақылдарынан мол өнім жиналды. Өнім көлемін, гектар түсімділігін арттыруда негізінен шаруашылықтардың агротехнологиялық іс-шараларды дұрыс жүргізу мен өндіріске озық технологияларды ендіруге бет бұруының нәтижесінде қол жеткізіп отырғандығын екпін түсіре айтуға болады. Оның ішінде, терең қопсыту технологиясы, тамшылатып суару әдісі мен жылыжайлардың көлемі бойынша ОҚО Республикада көш бастап келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529