Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2205 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 15:10

ОҚО-да көкөніс те, мал азығы да ойдағыдай жиналған

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың га алқапқа жетті деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Биыл облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізген.   Мәселен, диқандар 214,4 мың га жерге масақты дәнді дақылдар егіп, оның әр гектарынан 22 центнерден (2015 ж -17,8 ц/га), барлығы 470 мың тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 123 мың тоннаға артық. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан соңғы,  желтоқсан айындағы мәліметтер бойынша,   биыл шаруалар жалпы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жинаған.   Сонымен қатар, облыста 866 мың тонна көкөніс, 991 мың тонна бақша өнімі, 181 мың тонна картоп жиналыпты. Аграрлы аймақтың тұрғындары биылғы жылы 125 мың тонна жеміс-жидек және 73 мың тонна жүзім  жинап бастырыпты. Бүгінге күнге дейін олар 47,6 мың тонна жеміс, 23,2 мың тонна жүзім жинаған.  Мал азығы да ОҚО-да ойдағыдай жиналған. Шаруалар  3747 мың тонна (108%) мал азығын дайындап қысты қиналмай қарсы алып отыр.

 

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2107
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4978
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4205