Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3795 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 15:02

Тамшылатып суару әдісі бойынша ОҚО алдыңғы орында

Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылатып суару әдісіне қосымша 6,9 мың гектар жер ендіріліп, оның  жалпы көлемі 51,0 мың гектарға жетті деп қортындылады ОҚО-ның ауылшаруашылығы басқармасы желтоқсан айындағы БАҚ өкілдеріне берген мәліметінде. Тамшылатып сурау әдісі бойынша ОҚО ең алдыңғы орынға шықты. ОҚО дихандары тамшылатып суаратын жердің республикалық үлесі  73 пайыз болған.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, су шығынын 2-3 есеге дейін азайтатын осынау жобаны «Golden Camel Group LTD» компаниясы жүзеге асырып бастапты. Өндірістік қуаттылығы жоғары болып табылатын технологиялармен жылына 1500 га егістік жерді суғаруға болады екен.  

Айта кетейік, ОҚО да өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында «Golden Camel Group LTD» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. 

Түркістан қаласында салынатын инвестициялық жоба өнімдерін негізгі саудалаушылар - жергілікті ауыл шуаруашылық өнімдерін шығарушылар мен ТМД елдерінің өндірушілері болмақ. 

Жалпы жыл басынан бері облыста тамшылатып суғару әдісі қосымша 6 мыңға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті. Бұл біздегі аталған жұмыстардың республикадағы үлесі 73% пайыз екенін көрсетеді деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534