ОҚО: ауылшаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 415,8 млрд.тг болды
ОҚО агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы желтоқсан айындағы мәліметіне сүйенсек, ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 415,8 млрд.тг болған. Нақты көлем индексі 103,0 пайыз. Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы өнімдерінің Республикалық үлесі 12,2 пайыз болды.
Ішкі нарықта ғана емес, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы сыртқы нарыққа да сүбелі үлес қосуда. ОҚО-да 21 кәсіпорын өз өнімдерін шет ел асырып, экспорттайды. Аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстан Республикаларына өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой етін және сиыр етін шығарады.
Ресей нарығына шығарылатын негізгі өнімдер бақшалық дақылдар, мен көкөністер ІҚМ-ға арналған мал азығы, консервіленген балық, жемістер, мақта, қызанақ, күркетауық еті, сусындар және т.б.
Мысалы, оңтүстікқазақстандық «Хамит» компаниясы балықтың сүбе етін Грузия, Германия, Украина Республикаларына және Ресей Федерациясына жібереді. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты Еуроодақ елдеріне шыға бастады.
Әлемдік қаржы нарығына қарамастан ОҚО дихандары мен ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші қауым биылғы жылды айтарлықтай қортындылап жатыр.
Абай-ақпарат