ОҚО-да кооперативтерді құру белсенді жүргізілуде
Ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін ұлғайтуды, экспортқа шығаруды қамтамасыз етуде ұсақ тауар өндірушілердің мәселелерін кешенді шешу үшін, ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативтерді құру белсенді жүргізілуде.
Желтоқсан айындағы мәліметтерге сүйенсек, облыста 8 мыңнан аса ұсақ фермерлік шаруашылықтар 81 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерге бірігіп, жұмыс атқаруда. Олар даму бағыттары бойынша 19 бірлік мақта шаруашылығы, 30 бірлік астық, 4 бірлік сүт өндірісі, 13 бірлік ірі және ұсақ мал шаруашылығы, 3 түйе шаруашылығы, 3 жүгері өсіру, 4 жылыжай, 5 тағы басқа шаруашылықтардан құралып отыр.
Сонымен қатар, биылғы жылы облыста 14 машина-тракторлық станциясы құрылған. (МТС)
МТС-тер құрамында 108 доңғалақты тракторлар, 7 шынжыр табанды тракторлар, 28 астық оратын,9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайндар мен 186 басқа техникалар бар.
Осы бағыттағы Түлкібас ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан аудан басшылығы шаруа қожалықтың иелерімен кездесіп, ауыл шаруашылығы саласын одан әрі жандандыру мақсатында заман талабына сай жаңа техникалармен жабдықталған станциясын құру мәселесі қолға алынғанын айтып, бүгінде ауданның үш аймағында машина трактор станциясы құрылып, өз жұмысын жүргізіп жатқанын жеткізген болатын.
Жаңадан құрылған станция Түлкібас ауданына қарасты кооперативтермен шаруа қожалықтардың егістіктегі жерін аудару, егу, жинау тағы басқада жұмыстарын жүргізетін болады. Жалпы ауданда 1455 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары бар.
Абай-ақпарат