Жаңа техникалар шаруалардың тынысын ашты
Жыл қортындысында ауылшаруашлығы саласына енген жаңа техникалардың да өнімді арттырудағы мол мүмкіндігін айтуда парыз. Биылғы егiндi жинауға «АгромашХолдинг» АҚ Trade-In арқасында ескі техникаларды жаңа техникаларға ауыстырды.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер астық жинайтын техниканы таңдаған кезде қателеспеуге тырысады. Өйткенi, үмiттерiнiң ақталып, ұзақ уақыт пайдаланылатын техникаға ие болғысы келедi. Агроқұрылымдардың көбiсiнде комбайндардың техникалық паркiнiң жағдайы мүшкiл: ондағы техника ескiрген, тиiмдiлiгi төмендеген және шығыны молайып барады. Сондықтан егiншiлер ауыл шаруашылығы техникасын таңдау кезiнде оны барынша жаңарту және оның пайдалану мерзiмiн ұзарту мақсатында заман талабына сай үрдiстердi қолдануға тырысады. Фермерлер машиналарды әбден тексерiп, сыннан өткiзедi. Сондай-ақ, оларға және сервистiк қызмет көрсететiн орынның болуы туралы әуестiк бiлдiредi.
Соңғы фактор өте ерекше. Өйткенi машина қандай мықты және сенiмдi болса да мамандардың араласуы мен мерзiмдiк көмегiн талап ететiн жағдайлардың туындауы әбден мүмкiн. Бiрақ аграршылардың артықшылығын танытып тұратын басқа да айтарлықтай маңызды себептер бар. Соның бiрi – қаржылық қолдау көрсету.
Бiз тиiмдi шарттар бойынша техниканы сатып алуға мүмкiндiк беретiн лизинг ұйымдары, сонымен қатар пайдалануда болған, ескiрген техниканы жаңаға ауыстыра алатын өндiрушi зауыттың бағдарламалары жайлы айтпақпыз. Дәл осындай кiсi қызықтыратын науқанды биыл «АгромашХолдинг» АҚ iске қосты. Мұндағы Trade-In жобасы техника өткiзудiң табысты нәтижелерiн көрсеттi.
Абай-ақпарат